СПИД Центр Караганда

КГП "Карагандинский областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" УЗКО


8 (7212) 44 15 80
ВК иконка Инстаграм иконка youtube
loop
ВХОД РЕГИСТРАЦИЯ
ГЛАВНАЯО НАСБЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯВСЕ О ВИЧНОВОСТИАНТИКОРРУПЦИОННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ БИБЛИОТЕКАГОСЗАКУПКИПАЦИЕНТАМКОНТАКТЫВАКАНСИИОТДЕЛЫ

crossАВТОРИЗАЦИЯ



crossРЕГИСТРАЦИЯ










АИТВ-инфекциясы бар адамның өмірінің, сау адамның өмірінен айырмашылығы аз

АИТВ-инфекциясы бар адамның өмірінің, сау адамның өмірінен айырмашылығы аз . Заманауи медицинаның арқасында бұл ауру өлімге әкеліп соқтырмайды, сол себепті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны созылмалы аурулар санатына ауыстырды. Дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдап, дәрігердің барлық нұсқауларын орындай отырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және толыққанды ғұмыр кешуге мүмкіндік алды, өйткені олардың ағзасында АИТВ-инфекциясы дамымайды және ЖИТС сатысына (аурудың соңғы сатысы) асқынбайды. Осылайша, өмір сүру ұзақтығы ағзаның табиғи қартаю процестеріне ғана байланысты болмақ яғыни АИТВ- адамның өмір сүру ұзақтығынан өз әсерін тигізбейді. АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫН ЕМДЕУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Антиретровирустық емнің арқасында АИТВ-инфекцисяы өлім-жітімнен, созылмалы аурулар санатына өтті. АРТ-терапия АИТВ-ның көбеюін тежейді. Бүгінгі күні ағзадан АИТВ-ны жоюдың жолдары жоқ, дегенмен мұндай әдіс- тәсілдің пайда болуы болашақтың еншісінде. Бұл бағытта жұмыстар мен зерттеулер әлем бойынша белсенді жүргізілуде. АИТВ-инфекциясын емдеуді уақтылы бастау организм үшін ауруды бақылауға алуға, жақындарыңызды инфекциядан қорғауға, дүниеге сау бала әкелуге және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн. АИТВ-ЖҰҚПАСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ЖАҒДАЙДА ОТБАСЫН ҚҰРЫП, ДЕНІ САУ БАЛА ТУУҒА БОЛА МА? АИТВ-мен өмір сүретін әйелдер сау балаларды дүниеге әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда медицина АИТВ-ның анадан балаға берілуін алдын-алуда көптеген нәтижеге қол жеткізді. Қорта айтқанда АИТВ-статусын білу-бұл сіздің өміріңізді ғана емес, сізге қымбат адамдардың өмірін де құтқара алатын жалғыз және ең жауапты қадам

КГП "Карагандинский областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" УЗКО
Все права защищены ©
ВК иконка Инстаграм иконка youtube