
АИТВ-жұқпасының таралуының үш жолы ғана бар:
1) Жыныстық - презервативсіз жыныстық қатынас кезінде.
2) Қан арқылы - көбінесе есірткіні тұтынушылар зарарсыздандырылмаған шприцтерді қолданған кезде.
3) АИТВ - диагнозы қойылған анадан балаға - жүктілік, босану және емізу кезінде.
АИТВ вирусы тұрақсыз сондай -ақ сыртқы ортаға түскен кезде тез жойылады. Оған қоса 56ºс-тан жоғары температурада тез өледі, және вирус адам ағзасынан тыс жерде көбеймейді.
АИТВ-инфекциясының ошағы тек қана осы сырқатты жұқтырған адамдар болады. Және аурудың кез келген кезеңінде сау адамдарға таралуы мүмкін.