
ҚОДБ «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы» КММ Жезқазған бөлімінің педагогы М.Ш.Бектасова Жезқазған қаласының №8 гимназиясына қонақ ретінде шақырылды.
Аталмыш гимназияның оқушылары «ЖИТС – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара үш тілде – қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде өтті. Оқушылар өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсетіп, қоғамдағы АИТВ проблемасын шешудегі көзқарастарын ортаға салды. Өздерін толғандыратын көптеген сұрақтарға нақты және толық жауаптар алды. Іс-шара соңында өздерінің қазіргі қоғамдағы АИТВ проблемасына арнап жазған өлеңдерін оқыды.
Қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Қатысқандар саны – 25 адам.